ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы осы жылдың 9 айында атқарған жұмыстарының қорытындысын шығарды.
Осы уақыт аралығында басқармаға мемлекеттік пен жеке инвестициялар есебінен салынатын нысандарға құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу туралы 296 хабарлама түскен. Оның: 168-і бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан құрылыстар (76-ы жаңа құрылыс), ал қалған 128-і жеке қаражаттарына салынып жатқан нысандар.
Басқарма мамандары 9 айда 242 тексеру жүргізіп, 74 әкімшілік іс қарады. Барлығы 19 127 670 теңге әкімшілік айыппұл салып, соның. 11 млн. теңгеден астамы өндірілді.
Сондай-ақ, эксперттік қызметпен айналысуға 340 өтініш түсті. Оның барлығы комиссия отырысында қаралып, 255-і тестілеуге жіберілді,
Осы жұмыстар нәтижесінде құрылыс заңдылықтары бұзушылық азайып, сапасы арта түсті.