Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » "ШАЛҚИЯ" МЫРЫШ КЕН ОРНЫНДА ТАУ-КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫ САЛЫНАДЫ

"ШАЛҚИЯ" МЫРЫШ КЕН ОРНЫНДА ТАУ-КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫ САЛЫНАДЫ


    Облысқа сапармен келген "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев пен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Шалқия» кенішінде салынып жатқан тау-кен байыту комбинатының және газ-турбиналық станциясының құрылыс алаңына барып, кеніш жұмысының барысымен танысты.
    "Шалқия" кен орнының жер асты тәсілімен өндірістік полиметалл өңдеу» жобасы индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы және облыстың металлургиялық кешенін дамыту Жол картасы аясында іске асуда.
    Тау-кен байыту комбинатының құрылысына инвестиция тарту үшін осы жылдың маусым айында "Тау-Кен Самұрық" АҚ мен Еуропалық қайта құру және даму банкі өзара келісімге қол қойды. Аталмыш құжатта 350 млн. доллар көлемінде демеушілік қолдауға қарастырылған.
    Қазір кен орнында "Құттықожа – Шалқия" және "Жаңақорған - Шалқия" су құбырының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, ішкі электрмен жабдықтау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.      
    - Жыл аяғында кен байыту фабрикасының құрылысы мен газ құбырын жүргізу, қойма шаруашылығын жаңғырту жұмыстары басталмақ. Нысан іске қосылғанда 1500 жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, кен орнында "Сандық жүйедегі кеніш" жобасы қолға алынды. Бұл энергия тиімділігін арттырады», - деді «Шалкия Цинк ЛТД»  АҚ Басқарма төрағасы Талғат Сұлтанбеков.
    2019 жылдан бастап комбинатта 2 млн. тоннаға дейін, ал 2020 жылға қарай 4 млн. тоннаға дейін кен өндіріледі деп жоспарлануда.
    Айта кетуіміз керек, «Шалқия» – әлемдегі мырыш өндіретін ірі кен орындарының бірі. Алдағы уақытта, комбинат өнімі ТМД және алыс шет елдерге экспортталатын болады.





20 қазан 2017 ж. 1 304 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области