Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ: ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ, УАҚЫТ ТАЛАБЫ

ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ: ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ, УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Қызылорда қаласының тұрғындары арасында қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына біртіндеп көшіруге байланысты түсіндіру, насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық медицина орталығының мәжіліс залында медицина қызметкерлері арасында «Қазақ әліпбиі: тарих тағылымы, уақыт талабы» атты дөңгелек үстел өткізілді.
  Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қызылорда-Ақиқат Айнасы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізіліп отырған бұл дөңгелек үстел «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің негізгі қағидаларын түсіндіру» әлеуметтік жобасы аясында өткізіліп отыр.
  Дөңгелек үстел барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, филиология ғылымдарының кандидаты Болат Боранбай, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері Баян Байділдаева қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығын, осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы сөз қозғап, медицина қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
  Іс-шара соңында тыңдаушылар тарапынан латын әліпбиіне қатысты ғалымдарға сұрақтар қойып, оларға жауаптар берілді.

22 мамыр 2018 ж. 695 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области