ОРТАЛЫҚ МАМАНДАРЫ ЛАТЫНША ЖАЗА БАСТАДЫ
Бүгін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы тілдерді оқыту орталығында «Латын әліпбиі – тіліміз үшін жасалған игі қадам» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелде орталық директоры Н.Мұсаева орталық қызметкерлеріне жаңа әліпбидің мазмұнын таныстырып, сабақ беретін топтарда жұмыс жүйесін жоспарлауды ұсынды. Қоғамға әсіресе, жастарға жаңа әліпби арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізетіндігімізді, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақты анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арылатындығымызды, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ екендігін анық түсіндіру қажеттігі айтылды.
Шарада орталық мамандары латын қарпінде жаңа күнге тілек арнап, лебіздерін жазды.