КІТАП. ЕЛ. РУХ
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланғалы республикамыздың барлық өңірлерінде рухани жаңғыруды негізге алып, ұлттық құндылықтарымызды жаңашылдықпен насихаттауға бағытталған істер қолға алынды.
«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Рухани жаңғыру» кабинетінде 2018-2022 жылдарға арналған республикалық «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» жобасын жүзеге асыру іс-шаралар жоспарына сәйкес «Кітап. Ел. Рух» тақырыбында облыстық «дөңгелек үстел» өтті.
Халқымыздың ғасырлар бойы жинап, саралап, сақтап келген рухани мирасын өскелең ұрпаққа жеткізуші – кітап. Кітап – алдыңғы ұрпақтың келер ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап бұлағынан сусындаған оқырман кітапханадан ешқашан сырт айналмайды.
«Дөңгелек үстелдің» мақсаты – ақыл-ой қазынасының мекеніне айналған кітапхана жұмысы арқылы рухани тәрбиені ұлықтау, өткенімізді бүгінгі күнмен сабақтастыра отырып, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау. Елбасымыз Н.Назарбаевтың рухани жаңғыру жолында жасап жатқан еңбектерін дәріптеп, ұрпақ санасына мәдени мол мұраларымыз арқылы сіңіру. Мектеп кітапханашыларының кәсіби шеберлігін шыңдау, оқырмандарға сапалы қызмет көрсету мүмкіндіктерін қалыптастыру, өзара іс-тәжірибе алмасу.
«Дөңгелек үстел» жұмысына онлайн режимінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының ақпараттық ресурстар бойынша орынбасары Н.Жолдыбалинов, білім саласының ардагер-ұстазы Р.Наурызбаева, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері Б.Ахметбек, облыстық, аудандық (қалалық) білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және кітапхана саласының қызметкерлері қатысты.
Шара барысында институттың кітапхана бөлімінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Жиынды «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары С.Серікбаев алғы сөзбен ашып, «дөңгелек үстел» жұмысына сәттілік тіледі.
Басқосуда аталған институттың кафедра меңгерушісі Б.Кожамберлиев «Рух болмысы», кітапхана бөлімінің басшысы Г.Нурекеева «Кітап, Әлем, Қоғам», Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім меңгерушісі Г.Юсупова «Оқу-білім – бәсекеге қабілеттіліктің негізгі кілті», Қызылорда политехникалық колледжінің кітапхана меңгерушісі Ж.Ералина «Кітап – мәңгілік ел қазынасы», И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің кітапхана меңгерушісі Г.Сейітова «Кітап – ғылым мен білімнің рухани қазынасы» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар қатысушылар еркін микрофон әдісі арқылы өзара пікір алмасты.
Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар мен Алғыс хаттар табысталды.