Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»: КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА!

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»: КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА!


    Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жерге туыңды тік» атты кіші бағдарламасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла!» атты қайырымдылық акциясы және 3 желтоқсан Дүниежүзілік мүгедектер күніне орай мәдени шара болып өтті.
    Кітап әлемін насихаттау және кітап қорын заманауи басылымдармен толықтыруды мақсат тұтқан шараға республикаға танымал суретші Қ.Зәкіров, №7 арнайы түзету мектеп-интернатының мұғалімі Г.Әлиева, №1 емхана медбикесі И.Ахметовалар өз сөрелерінен кітапханаға кітаптар сыйлады.  Шара соңы Қазақ соқырлар қоғамының клуб үйі қызметкерлерінің қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты. Кітапхана директоры Нұрлан Бақтияров қайырымдылық акциясына белсене қатысып, кітапханаға кітап сыйлаған қонақтарға алғысын білдірді.
    З. БИСЕНОВА,
    Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға
    арналған арнаулы кітапханасының кітапханашысы.

08 желтоқсан 2017 ж. 1 758 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области