ҚАЗАҚ КӨГІНЕ КҮН БОЛҒАН
Елімізде 2007 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы өткізіліп келеді.
Ұлы ойшыл Абайдың «Қара сөздерін» насихаттаумен басталатын акцияда биыл ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары «Жыл кітабына» лайық туынды болып таңдалды. Осыған байланысты жыл көлемінде кітапханада ақынның шығармашылығын насихаттауда түрлі шаралар ұйымдастырылды.
Соның бірі «Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам!» атты әдеби кеш болды. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әдеби мұрасы, жалынды жырлары арқылы жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық, елжандылық қасиеттерін сіңіругі мұрат тұтқан шара барысында оқырмандар ақын шығармашылығынан мағлұмат алып, жырларын оқыды.
Соңынан акция шеңберіндегі шара қатысушылары «Қазақ поэзиясының аққан жұлдызы» атты кітап көрмесімен танысты.