ҚАРМАҚШЫДА ЛИМОН ӨСІРІЛЕДІ
Қармақшылық кәсіпкер А.Ешмұратова «Микробизнес Кызылорда» бағдарламасының шеңберінде Өңірлік Инвестициялық орталығы арқылы 10 млн теңге несие алып, 1600 шаршы метрлік жылыжай салған болатын.
Жылыжайға 3500 түп қызанақ пен 1500 түп қияр егіліп, білікті агрономдардың көмегімен өнім шығымы ойдағыдай болды. Бір ай көлемінде алғашқы өнімін бере бастайды
Кәсіпкер алдағы уақытта жұмыс ауқымын кеңейтіп, тағы бірнеше жылыжай салуды ойластырып отыр. Осы саланы меңгеріп қалған кәсіп иесі енді лимон өсіруді қолға алмақшы. Ол цитрусты өсімдікті Қармақшы жеріне жерсіндіру қиынға соқпайтынын айтады.
Амандық болса, облыс тұрғындары Қармақшы лимонының дәмін татар күн де алыс емес.