Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАС САЯХАТШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ САЯХАТЫ

ЖАС САЯХАТШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ САЯХАТЫ

Елбасы 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Адами капитал – жаңғыру негізі» деп атап көрсеткен болатын.
  Бүгінгі таңда елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мемлекет тарапынан көптеген бағдарламалар қабылданып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыған орай, әлеуметтік қызметкерлер де балаға арналған жеке даму бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды. Ата-ана мен әлеуметтік қызметкерлер бірігіп қызмет атқарса, мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыру және бейімдеу мәселесі өз шешімін табатын болады.
Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде Шиелі ауданы бойынша мүмкіндігі шектеулі 52 баланы рухани астанамыз – Түркістан қаласындағы 7 ғасырлық тарихы бар киелі Қожа Ахмет Ясауи кесенесімен таныстырып қайттық.
Қасиетті рамазан айындағы сауабы мол жұмыспен мемлекеттік тапсырыс аясында «Арман асуы» қоғамдық қоры айналысып, балалардың рухани әлеуметтенуіне зор үлес қосты.
Сапар барысында ата-аналар, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің әлеуметтік қызметкерлері, құқық қорғау және денсаулық сақтау органдарының өкілдері ерекше дене қажеттілігі бар балалармен бірге болды.
  Жас саяхатшылар киелі орынға тәу етіп, кесене имамымен бірге бабалар рухына құран бағыштады.
  Рухани саяхат соңында барлық жолаушылар мешіт алдында естелік суретке түсіп, риза көңілмен аттанды.
04 маусым 2018 ж. 636 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области