ЕЛ ДАМУЫНА ОҢ ЫҚПАЛ
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған әрбір Үндеуі тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталады.
Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасы» да әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.
Әрбір айтқан сөзінде халқына деген шынайы сүйіспеншілігі байқалған Үндеуді тыңдап, көңілімізге қуаныш ұялады. Күн-түн демей, «жеті рет өлшеп, бір рет кескен» шешім бос қиял емес, орындалатын, елдің болашағына қажет нәрсе екенін Президент нақты айтты. Соның негізгісі – баспана мәселесі. Әрбір адамның өз баспанасы болуы керек. Бір ғана жалақыға қарап отырғандар баспанаға қол жеткізе алатындай жағдай жасалуы тиіс.
Төлем қабілетіне қарай жаңа «7-20-25» бағдарламасы қабылданбақ. Менің ойымша, бұл қалалық жерде тұратындарға ғана емес, аудан халқы үшін де жүзеге асқаны дұрыс. Яғни аудан орталығынан ипотекалық тұрғын үй салу қажет. Бұл бастама өте құптарлық. Себебі жас отбасылар өздерінің үйінде тұрып, өздері төлем жасаса жауапкершілік те артады.
Баспана алу арманын орындаудың сәті келді. Сондықтан бұл әлеуметтік бастама іс жүзіне асуы тиіс.
Келер жылдан бастап жеке табыс салығы 10 есеге азайып, бір пайыз болады. Бұл да жалақыны көбейтудің тәсілі.
Ал Президент ұсынған үшінші бастама «жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту». Мемлекеттік грант көлемін арттыру, техникалық мамандыққа басымдық беру, барлық студенттерді жатақ¬ханамен қамтамасыз ету мемлекет алдындағы міндет.
Сондай-ақ, шағын несие беру мен газдандыру еліміздің дамуы мен экономикасын ілгерілетуге жол ашады.
Е.ӘЖІКЕНОВ,
Сырдария аудандық мәслихатының хатшысы