Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТАЛАНТТЫЛАР ТӨРГЕ ОЗДЫ

ТАЛАНТТЫЛАР ТӨРГЕ ОЗДЫ

Қармақшы ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында конференция мен өнер байқауы өтті.
«Рухани жаңғыру – ұрпақ игілігіне бағытталған жол» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның және «Ұлы дала елінің өнерлі де өрелі, талантты ұрпағымыз» атты балалар өнер байқауының өтуіне халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігінің Қармақшы ауданы бойынша өкілетті директоры А.Өткелбаева ұйытқы болды.
Қармақшы аудандық білім бөлімінің қолдауымен өткен шараға мектеп оқушылары мен аудандық Оқушылар үйінің үйірме мүшелері қатысып, бақ сынасты.
Конференцияны «Бейбітшілік әлемі» халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігінің президенті Ә.Нұрманов ашып, балалар шығармашылығы жайында кеңінен сөз қозғады.
– Мақсатымыз – ұстаздармен оқушылардың интеллектуалды шығармашылығының дамуына үлес қосу, жасөспірімдерді ғылыми зерттеу және жобалау жұмыстарына баулу, олардың ғылыми жетістіктері мен біліктілігін арттыруға ықпал ету, – деді ол.
Байқауда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан талантты өрендер бірлестіктің бағалы сыйлығы, төсбелгісі, алғыс хатымен марапатталды.

12 маусым 2018 ж. 689 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области