АНАҒА ҚҰРМЕТ - БОЛАШАҚҚА ҚҰРМЕТ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған қазақ халқының ұлттық құндылықтарын өскелең ұрпақ жадында сақтау және Елбасының туған халқының әлеуетін арттыруға бағытталған сара саясатын жүзеге асыру мақсатында жуырда Қармақшы ауданы әкімі Сұлтан Мақашов өздерінің өнегелі өмір жолдарымен өскелең ұрпаққа үлгі көрсетіп, құрметке бөленген «Әжелер» ансамблін қабылдады.
Қабылдау барысында аудан әкімі өнер ұжымы мүшелерін өңір тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін арттыруға мақсатталған және ұрпақ тәрбиесіне байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Биылғы жылы аудан бойынша ел әлеуетін арттыруға арналған жағымды жаңалықтар жайында әңгімеледі.
Содан соң көп жылдар бойы туған халқын ән-жырмен сусындатып жүрген «Әжелер» ансамблі мүшелеріне құттықтаулар тапсырып, сый-құрмет көрсетті.
Өз кезегінде аудандық, облыстық өнер байқауларының жүлдегерлері, ансамбль мүшелері Үрліхан Қожахметова, Талмаш Жұмабаева және басқалар осындай тағылымды іс-шараны ұйымдастырушыларға аналық алғыстарын айтып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Қабылдау барысында аналарға арнап білім саласы көркемөнерпаздары ән мен жырдан тарту жасады.