ЖАЛАҒАШТА АУДАНДЫҚ ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ
Жалағаш ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» атты ІІ аудандық әйелдер форумы өтті. Форумға Жалағаш аудандық әйелдер кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ә.Мәдиева модераторлық жасады.
Форумға аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев, Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қызылорда облыстық ұйымының төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Р.Байназарова, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Б.Үмбетова, облыстық ішкі саясат басқармасының «Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры, облыстық Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Н.Мұсаева, ауданымыздағы «Батыр аналар» және «Асыл әжелер» ансамблінің мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, кәсіпкерлер, жастар көшбасшылары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен БАҚ өкілдері қатысты.
ІІ аудандық әйелдер форумын аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ашты:
Ауданымызда өмірге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеп өсіруде үлгі өнеге болып жүрген алтын құрсақты аналар жеткілікті. Бүгінде өңірімізде 1116 көп балалы аналар есепте тұрады. Бүгінгі күнгі дерек бойынша ауданда 339 ана «Алтын алқа», 627 ана «Күміс алқа» иеленсе. Ал, 149 ана І-ші және ІІ-ші дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған, – деді аудан басшысы.
Шарада тағы 12 ана ҚР Президенті Жарлығымен «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері атанса, түрлі салада ұзақ жылдар бойы қызмет еткендерге аудан әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.