БАСТАУЫШ ҰЙЫМ ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
"Нұр Отан" партиясы Арал аудандық филиалына қарасты "Аудандық ХҚКО" бастауыш партия ұйымында Елбасы Жолдауы және "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты мақаласын талқылау мақсатында жиналыс өтті.
Басқосуға Аудандық мәслихаттың депутаты, "Аудандық ХҚКО" бастауыш партия ұйымының төрайымы Санира Жанназарова, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті Арал аудандық бөлімінің басшысы Лаура Ибраимова, "Аудандық ХКҚО" бастауыш партия ұйымына қарасты барлық топтық партия ұйымдарының төрайымдары қатысты. Санира Жанназарова Елбасы мақаласының басты мақсаттарымен міндеттеріне тоқталып кетті.
Сонымен қатар, Елбасы Жарлығымен қабылданған латын әрпі негізінде қазақ әліпбиі барша қазақстандықтардың тарапынан қолдау табатындығына сенім білдірді.
- Компьютерлік сауаттылық, шет тілдерді білу әр адамды жетілдіретін фактор. Сондықтан, "Цифрлы Қазақстан", "Үш тілде білім беру" сияқты бағдарламалар - ұлтымызды дамуына септігін тигізеді - деді, С.Жанназарова
Іс-шара барысында топтық партия ұйымдары өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.