Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖОБА АЯСЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЖОБА АЯСЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ


     «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының өкілдері бастаған арнайы топ «Сәтті қадам» партиялық жоба аясында «Болашағыма бүгінгі бастау» тақырыбында жастармен кездесіп, Елбасы Жолдауын және Конституциялық реформа нәтижелерін талқылады.
    Кент орталығындағы №201 мектеп-лицейде өткен кездесуде шәкірттерге мамандық таңдаудың қыр-сыры түсіндірілді.
    – «Нұр Отан» партиясының «Сәтті қадам» партиялық жобасының басты бағыттарының бірі – түлектерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыру. Жетекші партия жүзеге асырып отырған жоба жас буынның үлкен өмірден өз орнын табуына жәрдемдесіп, олардың маман ретінде қалыптасуына, өзіндік септігін тигізеді– деді аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева.
    Кездесу барысында «Жас Отан» Жастар қанаты Жалағаш аудандық бөлімшесінің  басшысы Айбек Әбдірахманов сөз алып, жобасы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
    Жалпы ауданда  Ұлттық бірыңғай тестілеуден шектік балл жинай алмаған 18, ал тестілеуге мүлдем қатысаған 78 түлектер анықталды. ҰБТ- дан өте алмаған 18  түлектің 4–і  жоғары, 14-і арнаулы орта оқу орындарына қабылданды. Мүлдем қатыспаған түлектер де партия назарынан тыс қалып жатқан жоқ. Оларды «Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында жұмысқа орналастыру бағытында түрлі ұйымдармен жұмыстар жасалып жатыр.
    Шара соңында партия филиалының өкілдері оқушыларға сәттілік тілеп, алдағы сынақтардан сүрінбей өтулеріне тілектестік білдірді.  

01 қараша 2017 ж. 869 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области