Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ПАЙДАЛЫ БІЛІМ АЛУДЫҢ ДҰРЫС ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

ПАЙДАЛЫ БІЛІМ АЛУДЫҢ ДҰРЫС ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

Білім алу – адам руханиятын байытып, көңіл көкжиегін кеңейтетін тамаша ғибратты іс. Қазақстанның даму көшінде қарқынды алға жылжып келе жатқанын білеміз. Бүгінгі дәуір – білім заманы.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында төртінші аталымды «Білімнің салтанат құруы» деп бекіткен еді. Дәуір тынысымен қатар тыныстап, білімге ұмтылған жастардың қатарының артуы арқылы ғана біз дамыған мемлекетке айнала аламыз. Білім саласына мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлініп отырғаны да бұл сөзімізге дәлел бола алады.
Үйренуге ынта, білімге құштарлық әрбір азаматтың санасынан ойып тұрып орын алуға тиіс қасиеттер. Өйткені, бүгінде кез-келген салада бәсекенің деңгейі өте жоғары. Ал бәсекеде жеңіп шығып, белгілі бір жетістікке жету үшін білімнің қажет екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан, елімізде мектеп пен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына түрлі өзгерістер енгізіліп, әлемдегі озық тәжірибелер қолданылып келеді.
«Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді», - деген Елбасы сөзі де білімнің әрбір азаматқа, әсіресе жастарға өте қажет екенін аңғартады.
Өзіңді дамыту - жас талғамайтын құбылыс. Адамзат баласы өмірден өткенше ізденісте болып, білімінің ауқымын кеңейту жолында болуы керек. Білімді адам саны артса, қоғам деңгейі, мемлекет дәрежесі көтерілетіні белгілі қағида. Біз «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында азаматтарға білім алу турасында бірқатар кеңес бермекпіз. Ендеше, әрі қарай оқыңыз.
Көпшілік білім алу, біліктілігін арттыру тұрғысында бәсекеге түсе бермейді. Өйткені, олардың санасында білім алуға, руханиятын кеңейтуге деген қабілет туа бітті берілетін дүние іспетті ой қалыптасқан. Ал шын мәнісінде олардың ойы толықтай қате.
«Адам өмірге оқуға деген қабілеті бар немесе жоқ болып келеді. Ендеше талпынып не қажеті бар?» - деген ой расында көпшіліктің санасынан шықпай келе жатыр.
Әрине, бұл тұжырым – қате. Адам бойында түрлі генетикалық белгілерден басқаның бәрін еңбек арқылы, талпыныс арқылы, құштарлық арқылы дамытуға болады. Оқу да осылардың қатарында. Өзіңді түрлі тәжірибелерде сынап көру кейде үлкен қиындықтар туғызып жатады. Бірақ ол қиындықтар өтіп кетеді де, сізде аса құнды өмірлік сабақ қалады. Білім алудағы қиындықтар мен еңбектенудің де тұрқы осы іспетті.
Келесі мысалды қараңызшы. Жер бетінде қаншама тіл бар. Ол тілдерде сөйлейтін қаншама ұлттар мен ұлыстар бар. Олардың балалары тілді үйреніп тумайтыны ақиқат. Санасына жаттала берген дүниелер арқылы ғана баланың тілі сол тілде шығады. Адамның білім алуға деген қарым-қабілетіне тек қана генетикалық тұлғаның 15 пайызы тиесілі. Қалған 85 пайызды еңбектену арқылы өзгертуге әбден болады. Демек, барлық адамзаттың өз өмірін басқа арнаға бұрып, жетістік шыңына ұмтылуға мүмкіндігі бар.
Ғалымдар адам санасына зерттеу жүргізе отырып, білім алудың үздік үш жолын анықтаған.
Мақсат қойыңыз
Сапалы білім алу үшін нақты жоспарланған мақсатыңыз болуы шарт. Көңіл көкжиегіңізді кеңейту үшін қай бағытта білім алғыңыз келетінін анықтап, нақты мақсаттар қойыңыз. Содан кейін өзіңіз жасаған стратегиялық жоспар арқылы еңбектене бересіз.
Оқуға осындай жолмен келу адамның қателесу туралы ойын өзгертіп, нақты жоспармен жүруіне мұрындық болады.
Стэнфолрд университетінің психологы Альберт Бандураның айтуынша, жағымсыз ойлар, шектен тыс беймазалық адамның бойында бар қабілеттерін шектейді екен. Демек, нақты тапсырмалармен жасалған жоспар жағдайды бағамдап отыруға, мазасыздыққа салынбауға мүмкіндік береді. Нақты мақсат қоя білген адам өзі баратын жетістігін іштей сезіп, оймен шамалап отырады. Бұл қасиет адамды жігерлендіріп, еңбек өнімділігін арттыруға себеп болады.
Өзіңіздің қалай ойлайтыныңыз туралы ойланыңыз
Өзіңізге сырттай қарай білу – психологтардың айтуынша, өте тамаша қасиет. Бұл жағдайда адам өз-өзін бақылап, теріс қадамдарын тез арада жөндеп отыра алады. Сондай-ақ, өзінің мақсаты қандай екенін, нені ойлап жүргеніне де үшінші көзқарастан баға бере алады. Осы қасиет арқылы адам өз-өзіне «Маған бұл нәрсе пайда әкеле ме?», «Бұл әрекетімді өзгелер қалай түсінеді?», «Менің мақсаттарым қандай?» деген сияқты сұрақтарды қою қабілетіне ие болады.
Адамдар көбіне келесі қателіктерге ұрынып жатады. Келе жатқан жолының теріс немесе тура екенін аңғарып, бағамдап алатын үзіліс жасамайды. Сондықтан, олар өздеріне сенімсіз болып келеді.
Демек, өзіңіздің не ойлайтының туралы ойлануға уақыт бөліп, мақсаттарыңызды әрдайым сыртқы көзқараспен бағамдап отырыңыз. Өзіңізбен жеке сұхбат құру дағдысын жиілетіңіз.
Өзіңіздің оқу деңгейіңіз туралы ойланыңыз
Оқу деңгейі әркімде әрқалай болып келеді. Біреуде көп еңбекті қажет етсе, енді біреуге аз ғана уақыт жеткілікті болуы мүмкін. сондықтан, өз деңгейіңізді анықтап, соған орай қызмет еткеніңіз жөн.
Деңгейіңізді өзіңізбен сөйлесу арқылы, ақылдасу арқылы анықтай аласыз. Тыныштық мүлгіген бір ғимарат ішінде немесе жеке бөлмеде қағаз шимайлап отырып-ақ, душ қабылдап жүріп-ақ өз-өзіңізбен тілдесуіңізге болады.
Өзіңіздің болашағыңыз үшін біліміңізді арттырумен әрқашан және тұрақты түрде айналысыңыз. Адам баласы дамуы тиіс. Бір орында тұрып қалуды тіршілік пен табиғат құптамайды. Өз деңгейіңізді анықтап, нақты мақсаттар қойып, соның аясында қызмет жасап, жетістікке жетіңіз.

08 тамыз 2018 ж. 2 415 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области