«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР» БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАСЫ АЯСЫНДА «ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ, ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ»
Ел болашағы жастардың білім алуына, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің озық тәжірибелерін оқу үрдісіне енгізу бағытында атқарылуға тиіс жұмыстар Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасында тізбектеліп айтылған. Сондықтан Мемлекет басшысы «Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алуды тапсырды. Гуманитарлық білімнің барлық бағыттар…ы бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таң¬даулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау – алдағы бірнеше жылдың үдесіндегі мақсат-міндет болып табылады.
Білім саласындағы жаһандық бәсекеге не¬ғұрлым бейімделген мамандарды даярлау – болашаққа жасалатын ең басты бағдар. Сондықтан әлемнің үздік 100 оқулығын Ұлы дала елінің тілінде сөйлету әрине құптарлық дүние. Ол үшін мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалмақ. Бірер жылдан соң ауқымды жоба өз жемісін бере бастайды. Әлемдегі ең үздік аударылған 100 оқулықпен студенттерді бірер жылдан соң оқытуды бастау міндеті тұр.
Жоба жастарға тың серпін беретін басым бағыттардың біріне айналмақ. Аталмыш жоба әлемдегі таңдаулы оқулықтарды қазақ тіліне аударып, оқу үрдісіне енгізеді. Сөйтіп, ең бастысы жастардың гуманитарлық салаға деген қызығушылығын арттыра түсері хақ.
Елбасының сарабдал саясаты мен ұлт жолындағы ұстанымдары болашаққа бағдар көрсетумен қатар алдағы рухани дамуымыздың өзегіне айналарына сенім зор.
Ерлан БИСЕМБАЕВ,
«Ақжар» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Ақжар ауылдық округінің әкімі, Қармақшы ауданы