ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ЖӘРМЕҢКЕЛЕР ЖАЛҒАСУДА
Облыс орталығында ауылшаруашылық жәрмеңкелері жиі өткізіліп, өнімдер базар нарқынан төмен бағада сатылуда. Халықты арзан өнімдермен қамтуды көздеген шараны осы сенбі, 11 қарашада Қызылорда қаласы мен Жаңақорған ауданының диқандары өткізеді.
Қызылорда қаласының диқандары С.Толыбеков көшесінің бойында (Е.Әуелбеков көшесі мен М.Әуезов көшесінің аралығы), ал жаңақорғандық шаруалар Астана даңғылында (Е.Көшербаев көшесі мен А.Иманов көшесінің аралығы) жәрмеңкеге шақырады.
Жәрмеңкелер таңғы сағат 9:00-де басталады.