ЖАЛАҒАШТА ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ
Жалағаш кентінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Ауылдық округтерден аудан орталығына жеткен молшылық керуенінде өнімдер базар нарқынан 10-15 пайызға арзанға сатылды.
Сазды әуенге бөленген алаңдағы қаз-қатар тігілген көліктер мен сөрелерден қажет азығын алушылар лек-легімен келіп жатты.
Жәрмеңкеде базар сөрелерін аралаған аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев бағаның қолжетімді болуына баса назар аудару қажеттігін айтты.
Аудан орталығындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі көптің көңілінен шығып, тұрғындар өз алғыстарын білдірді.