БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Шиелі аудандық мәдениет үйінде аудандық жұмыспен қамту орталығы және «Шиелі-Самғау» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудан көлеміндегі жұмыс берушілердің қатысуымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» қатысудың алғышарттары мен жүзеге асырылу барысы жөнінде ақпараттар берілді.
Сонымен қатар аталмыш бағдарламаның үшінші бағытына сәйкес жастар тәжірибесіне 30, әлеуметтік жұмыс орындарына 30, қысқа мерзімді оқу курстарына 160 адамның қатысуға мүмкіндік бар екендігі айтылды. Жәрмеңкеге 85 жас қатысып, сала мамандарынан кәсіби кеңес алды және Қызылорда қаласы мен аудан көлеміндегі бос жұмыстарының мәліметтері арнайы тақтаға ілініп, жарияланды.