ТОҒЫЗ ЖАРЫМ МЫҢНАН АСТАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ
Статистика мәліметтеріне сәйкес Қызылорда облысында осы жылдың екінші тоқсанында еңбекке жарамды тұрғындар саны 348 000-ға (2016 ж. 2 тоқ.– 340,7 мың адам) жеткен. Олардың жұмыспен қамтылғандары 331,2 мың (2016 ж. 2 тоқ. – 323,7 мың) болып отыр. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8% (2016 ж. - 5,0%), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,2% құрады (2016 ж. – 5,0%).
Осы жылғы 9 айды қорытындылаған жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше осы жылы 9875 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланса, бүгінде 10997 жаңа жұмыс ашылды, оның 9587-і тұрақты.
Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 22543 адам хабарласып, олардың, соның ішінен 10767-і жұмысқа орналастырылды.
Тоғыз ай ішінде облыста 91 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, 944 жұмыс беруші 4069 бос жұмыс орындарын ұсынды.