ИНФЛЯЦИЯ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ
Тұтыну бағалары индексі мен жұмыссыздық деңгейі орташа республикалық көрсеткіштерден төмен қалыптасуда. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Астанадағы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өтіп жатқан брифингте мәлімдеді.
– Жыл басынан бері 9,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары құрылды. Соңғы жылдары облыста жұмыссыздық 5-тен 4,8 пайызға төмендеді. Бұл ретте, «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Нәтижелі жұмыспен қамту және шағын кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламалары аясында жүзеге асырылған іс шаралар тиімді нәтиже беріп отырғанын айту керек,– деді өңір жетекшісі.
Баспасөз конференциясында аймақ басшысы, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу жұмыстарын кең көлемде жүргізіліп жатқанын айтты.