Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЫСТЫҚ ШАЙДЫҢ ЕШКІМ КҮТПЕГЕН ПАЙДАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

ЫСТЫҚ ШАЙДЫҢ ЕШКІМ КҮТПЕГЕН ПАЙДАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Шайды көп ішетін адамдардың глаукомаға сирек шалдығатыны белгілі болды деп хабарлайды Sputniknews.kz
Ғалымдар зерттеу жүргізіп, ыстық шайдың қандай пайдасын барын анықтады.
Зерттеу нәтижесі шайды көп ішетін адамдардың глаукомаға сирек шалдығатынын көрсетті. Мақала British Journal of Ophthalmology басылымында жарияланған.
Глаукома көздің көрмей қалуының негізгі себебі болып табылады, ол көздің ішіндегі қысымнан пайда болады.
Зерттеуде ыстық немесе жылы шай туралы айтылады. Бірақ өте ыстық шай жөнінде емес, өйткені онкологиялық ауруларды зерттеу бойынша халықаралық агенттіктің мәлімдеуінше, тым ыстық сусын ішкен адам өңеш рагына шалдығуы мүмкін.
Ғалымдар АҚШ-та жүргізілген ұлттық сауалнаманың нәтижесіне сараптама жүргізген. Белгілі болғандай, 1600 азаматтың тек бес пайызында ғана глаукома бар екен. Кофе немесе суық шай ішетін адамдардың көз көруі нашарлай бастағаны анықталды.
Осылайша, ғалымдар ыстық шай ішу мен глаукома ауруына шалдықпау арасындағы байланысты тапты. Мұны шайдың құрамындағы кофеинмен түсіндіруге болады. Кофенің құрамында да кофеин болғанымен, оның глаукомамен байланысы ыстық шай секілді емес.
Зерттеушілердің айтуынша, шайдың құрамындағы флавоноидтардың қабынуға қарсы және антиоксиданттық қасиеті бар, ол көзді аурулардан қорғай алады. Бұдан бөлек, шайдағы антиоксиданттар көз жасушаларының жаппай жойылуын бәсеңдетеді.

24 тамыз 2018 ж. 660 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области