Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҒАЛЫМДАР: САРЫМСАҚ СЫҒЫНДЫСЫНАН ЖҮРЕК ТАЛМАСЫНЫҢ ҚАУПІ АЗАЯДЫ

ҒАЛЫМДАР: САРЫМСАҚ СЫҒЫНДЫСЫНАН ЖҮРЕК ТАЛМАСЫНЫҢ ҚАУПІ АЗАЯДЫ


    Америкалық ғалымдар сарымсақ сығындысын зерттеді. Ғылыми жұмыстың нәтижесіне сәйкес, сарымсақ сығындысын күнделікті тамаққа пайдаланған жағдайда, ол майлы тамақты жеу салдарынан қан тамырының қабырғасында пайда болатын түйінділердің санын азайтуға көмектеседі.
    Science World Report хабарлауынша, зерттеу тәжірибесіне жас шамасы 40 пен 75 аралығындағы елу бес адам қатысқан. Олардың барлығы ағзадағы зат алмасудың бұзылуы салдарынан семіздік белгілері бар метаболикалық синдроммен ауыратын болған. Бұл науқастардан енді басталып келе жатқан жүрек ауруы да байқалды.
    Сынақ кезінде олардың кейбірі 2400 миллиграмм сарымсақ сығындысын ішсе, қалғандарына бұл сығынды берілмеген. Бастапқыда қатысушылардың барлығының қан тамырларындағы түйінділер мен кальций мөлшері есепке алынды.  Бір жылдан кейін осы науқастарды қайта тексерген кезде, сарымсақ сығындысын қолданған адамдардың тамырындағы түйінділердің 80%-ға дейін баяу өскендігі анықталды. Сәйкесінше, олардың жүрек талмасымен ауру қаупі де азайған.
    Мамандардың айтуынша, сарымсақтың құрамындағы көмірсутектер ағза үшін өте пайдалы элемент болып табылады.

01 наурыз 2018 ж. 1 019 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области