АЛМА БАҚТАР АУМАҒЫ ҰЛҒАЯДЫ
Шиелі ауданында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізі бойынан 5 гектар аумаққа көкөніс қоймасын салып, елді мекендерде 40 гектарға алма бағын егу жоспарлануда. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жалпы аудан бойынша алма бағын өсіру мақсатында 178 гектар жер телімі белгіленіп, оның 46 гектары кәсіпкерлерге сауда-саттық арқылы табысталған. Омсыған дейін 34 гектарға 48 мың түп алма көшеті отырғызылып, 15 гектар алма бақ аумағына 20 млн. теңге инвестициялық субсидия төленді.
Елбасы тапсырмасымен бекітілген азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасын жүзеге асырудың бір тетігі тұтыну нарығындағы көкөніс пен азық-түлік өнімдерінің бағасын реттеу болып табылады. Бұл бағытта ауданда бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.
Жыл он екі ай көкөніске қолжетімдікті қалыптастыру үшін ауданда 13 жылыжай жұмыс жасап тұр. Бүгінгі күні олардан жылына 360 тонна қызанақ, қияр, 6 тонна сарымсақ өндірілуде.