УНИВЕРСИТЕТ ЖЫЛЫЖАЙЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Іргелі білім ордасының 80 жылдық мерейтойы аясындағы "Жұлдызды 30 күн" іс-шаралар жоспары бойынша БАҚ өкілдеріне университеттің агробиологиялық учаскесі және жылыжай шаруашылығының жұмысы таныстырылды. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Университет жылыжай шаруашылығы 2004 салынып, пайдалануға берілді. «Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіптік білім беру бағдарламасы аясында технологиялар мен зерттеулерді өндіріске енгізу және индустрия мен саудамен байланысын қалыптастыру бағдарламасы» Қазақстан-Қырғызстан-Канада халықаралық жобаны іске асыру мақсатында жүзеге асырылған. Университет жылыжай шаруашылығы іс жүзінде ауыл шаруашылық өндірісіне тиімді технологиялар енгізуде – экологиялық таза көкөніс өнімдерін тамшылап суару жүйесін пайдалану арқылы өсіру, университет оқытушылары, магистрлер мен студенттер үшін жылыжайда көкөніс өсірудің өндірістік базасы болып табылады.
2011 жылдан бастап көкөніс дақылдары тұқымдарын өндірумен айналысатын алдыңғы қатарлы «Rijk Zwaan» голланд фирмасымен келісім шарт жасасып, қызанақ, қияр және бұрыш гибридтерін өсіруде тәжірибелер жасалуда.