Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШИЕЛІДЕН ЦЕМЕНТ ШЫҒАТЫН КҮН АЛЫС ЕМЕС

ШИЕЛІДЕН ЦЕМЕНТ ШЫҒАТЫН КҮН АЛЫС ЕМЕС


    Шиелі ауданында «DANAKE» корпорациясы» ЖШС-нің жобалық құны 29 млрд. 340,6 млн. теңге болатын цемент зауытына кенттің шығыс бөлігінен 46 гектар жер табысталды. Зауыт жұмысшыларына жатақхана салу үшін қосымша 4 гектар бөлініп, құрылыс жұмыстарына қызу дайындық жүргізілуде. Зауыт іске қосылған жағдайда жылына 1 млн. тонна цемент өндіріледі. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
    Сонымен бірге, «Бек-транс строй» ЖШС құны 55 млн. теңгені құрайтын құрылыс материалдарын өндіруге арналған жоба ұсынып отыр. Бұл жоба бойынша жылына 12 мың тонна әк тас, 1 млн. дана полипропилен қапшығы, 180 мың дана шлакоблок шығару жоспарланған.
    Көңілге қонымды жұмыстардың қатарына индустриалды аймақта атқарылып жатқан шараларды да қосуға болады. Аталған аймақта орналасқан «Мия Шиелі» ЖШС мия тамырын өңдейтін зауыт салған. Серіктестіктің мия өңдеу зауытына 5 гектар жер телімі берілген. Жобалық құны 612 млн. теңгені құрайтын мия зауыты барлық инфрақұрылым тартылған индустриалды аймақта орналасқан. Жылдық қуаттылығы 250-300 тонна шикізат өндіруге қауқарлы зауытта 50 адам жұмыс жасайды.  

28 қараша 2017 ж. 760 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области