Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӨНЕРКӘСІБІ ӨРКЕНДЕГЕН ӨҢІР

ӨНЕРКӘСІБІ ӨРКЕНДЕГЕН ӨҢІР


    Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Жанар Берденованың қатысуымен онлайн-конференция өтіп, онда Индустрияландыру бағдарламасының екiншi бесжылдығын іске асыру және басқарманың 9 айда атқарған жұмыстары жайында кеңінен айтылды.
    Жалпы, Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында облыста құны 610,1 млрд теңге болатын 25 жобаны іске асыру жоспарланған. Жоба аясында 6,3 мың жұмыс орны құрылады екен. Аталған 25 жобаның ішінде 2015-2016 жылдары 3 инвестициялық жобасы іске қосылып, 328 жұмыс орны ашылды. Айта кетерлігі, биылғы жылы Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасында Арал ауданында құны 280,5 млн теңгені құрайтын 2 жоба іске асырылу көзделген. Кәсіпкерлердің қолға алған жобасы ауданда өндірілмеген инновациялық құрылыс материалдарын өндіруге бағытталған болатын. Сонымен қатар үстіміздегі жылдың тамыз айында «Жаңа-Арал» ЖШС-ның «Қаптама кірпіш» зауыты іске қосылып, 4 түсті өнім шығаруда. Ал, жыл соңына дейін «Арал құрылысы» ЖШС-ның асфальт өндіретін зауыты жұмысын бастайтын болады. Сонымен бірге Қармақшы ауданында биылғы жылдың шілде айында қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін фабриканың құрылысы басталды. Бұл фабрика келер жылы іске қосылады. Енді металлургия саласына келер болсақ, «Шалқия» кеніші мен «Баласауысқандық» ванадий кенішін игеру жобалары мықтап қолға алынды. Нәтижесінде үстіміздегі жылдың 9 айында Тайваньға 128 тонна метованад аммоний жөнелтілген. Биылғы жылы ірі инвестициялық жобалар бойынша 10 млрд теңге инвестиция игерілсе, жыл соңына дейін қосымша 25-30 млрд теңге игеру көзделіп отыр. Сондай-ақ, Индустрияландыру бағдарламасымен қатар Қазақстан-Қытай бірлескен жобалар қатарында облыс бойынша 3 жоба іске асырылуда. Олар Шиелі ауданындағы тампонажды цемент шығаратын зауыттың құрылысы, ауылшаруашылық саласында «COFCO» Қытай компаниясымен бірлесіп, қызанақ өңдеу және қуаттылығы 300 мың тонна кальцийленген сода өндіретін зауыттарды салу болып табылады. Бірінші бесжылдық аясында іске қосылған 17 жоба мен екінші бесжылдықта 3 жоба, барлығы 20 жобаның 16 жобасы өнім өндіруді қамтамасыз етіп келеді. Айта кетейік, іске қосылған индустриялық жобалар арқылы биылғы жылдың осы кезеңіне дейін 15,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 5,3 пайызға өскен. Оның ішінде экспортқа шығарылған өнім көлемі 4,5 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда, 21,6 пайызға артқан. Индустриялық жобалар бұрын 8 елге өнімдерін экспортқа шығарса, биылғы жылдан бастап 11 елге шығарады. Облыс көлемінде картадан тыс өнеркәсіп саласында 7 шағын және орта кәсіпорындар іске қосылып, 73 тұрақты жұмыс орны ашылды. Осы ретте жыл соңына дейін өңірімізде 377 жаңа жұмыс орны құрылатын 16 шағын және орта кәсіпорынның іске қосылуы жоспарланған.
    Өңірімізге инвестиция тарту мақсатында биылғы жылдың 9 айында облысқа 11 елден делегация келіп, меморандумдарға қол қойылған. Сонымен бірге, дәстүрге айналған ІХ «Байқоңыр инвест» инвестициялық форумын биылғы жылдың қараша айында өткізіледі. Осындай іс-шаралардың нәтижесінде сырттан тартылған инвестицияның көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 1 млрд теңгеге өсіп, 20,4 млрд теңгені құраған. Биылғы атқарылған жұмыстар нәтижесінде өңдеу өнеркәсібі саласында 78,1 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 6,2 пайызға артқан. Инвестиция көлемі 8 пайызға өскен. Бұл бағытта атқарылған жұмыстар нәтижесі жемісті болып, өңір өнеркәсібі жанданып келеді. Жыл өткен сайын жаңа жұмыс орындары ашылып, сыртқы елдермен қатынас жасау да оң жолға қойылған. Табысқа әрқашан белсенді аймақ жетеді. Мұны салада атқарылған толымды тірліктің жайынан аңғаруға болады.
    Сара АДАЙБАЕВА.

06 қараша 2017 ж. 936 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области