Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БАЙҚОҢЫРДАҒЫ ФИЛИАЛЫ НӘТИЖЕЛЕРІН КӨРСЕТЕ БАСТАДЫ

КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БАЙҚОҢЫРДАҒЫ ФИЛИАЛЫ НӘТИЖЕЛЕРІН КӨРСЕТЕ БАСТАДЫ


    Байқоңыр қаласы мен Төретам кенті, Ақай ауылында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жыл басында Кәсіпкерлер палатасының Байқоңыр қаласындағы филиалы ашылған болатын.
    Филиалмен атқарылған алғашқы жұмыстардың нәтижесін кәсіпкерлер алдындағы есепті кездесуде Асылхан Жолашев баяндады.
    9 айда филиал қызметкерлері тарапынан мемлекеттік бағдарламалар аясында 448 тұрғынға 1344 кеңес берілсе, 30 кәсіпкерге сервистік қызмет көрсетілген.
    Асылхан Жолашевтің айтуынша, Байқоңыр қаласы мен Төретам кенті, Ақай ауылы тұрғындарының жобаларын сүйемелдеу жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде жыл басынан бері екінші деңгейлі банктер арқылы жалпы құны 131,6 млн.теңгені құрайтын 6 жоба, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталық арқылы жалпы құны 20,5 млн.теңгені құрайтын 5 жоба қаржыландырылған.
    Мұнан өзге, «Бастау Бизнес» жобасы аясында Төретам кентінен 22, Ақай ауылынан 8 адам оқытылып, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы жалпы құны 11,2 млн.теңгені құрайтын 6 жоба қаржыландырылды.
    Есепті кездесуде филиал директоры жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде салада өсім бар екендігін жеткізді. Атап айтқанда, Төретам кенті кәсіпкерліктің өсімі 2016 жылмен салыстырғанда 17,4 пайызға, Ақай ауылында 31,3 пайызға өсім бар.
     Кездесуде филиал директоры алдағы жоспарларымен де бөлісті.
    «Алдағы уақытта Байқоңыр қаласында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Байқоңыр қаласы әкімшілігімен бірлесіп «Кәсіпкерлерге бірлескен қолдау көрсету орталығын» құру жоспарлануда. Әзірге ай сайын қала әкімшілігімен оған қарасты бөлімдермен бірігіп кәсіпкерлерге «Ашық есік күнін» өткізу келісілді. Аталған кездесу оң нәтиже берер болса «Кәсіпкерлерге бірлескен қолдау көрсету орталығы» іске қосылатын болады.  Жоба аясында кәсіпкерлер жер телімін алу, жылжымайтын мүліктерді жалға алу, Ресей  Федерациясының заңдарына сәйкес кәсіпкерлерге қызметтер көрсету жоспарлануда. Кәсіпкерлерге заң нормаларын білмеуі салдарынан әкімшілік шаралар көріп жатады. Осы орайда бірлескен орталық іске қосылар болса кәсіпкерлер сала мамандары кеңестері арқасында мұндай қиындықтарға кездеспейді деген үміттеміз», - дейді Асылхан Жолашев.
    Қызылорда облысы
    кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі  

17 қазан 2017 ж. 892 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области