Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!


    «Байқоңыр қаласының мәртебесi және ондағы  атқарушы органдарды құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы ҚР мен РФ арасындағы Келісімге енгізілген өзгерiстерге байланысты, Хаттама Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 24 қарашадағы №22-V1 Заңымен ратификацияланып, 2017 жылдың 05 шілдесінен күшіне енді.
    Осы Келісімнің 12-1 бабына сәйкес, Байқоңыр қаласының салық органында тіркелген дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар мен ҚР басқа аумағында тіркелген жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар арасында жасалатын тауарларды өткізу айналымдары болған жағдайда, Байқоңыр қаласының аумағынан Қазақстан Республикасының өзге аумағына тауарлар әкетілетін кезде немесе Қазақстан Республикасының өзге аумағынан Байқоңыр қаласының аумағына тауарлар әкетілетін жағдайда – нөлдік ставка бойынша қосымша құн салығы салынады және акцизделетін тауарларға қатысты акциздер төлеуден босатылады.
    ҚҚС-ның нөлдік ставкасын қолдану мен акциздерді төлеуден босатудың негізділігін растайтын құжаттар:
    1. ҚР өзге аумағынан (аумағына) Байқоңыр қаласының аумағына (аумағынан) әкету жүзеге асырылатын келісімшарттар;
    2. тауарларды өткізуден түскен түсімнің іс жүзінде түсуін растайтын банктің үзінді көшірмесі;
    3. ҚР салық органының немесе Байқоңыр қаласы салық органының белгісі бар, тауарды сатып алушының орналасқан жері бойынша тауарларды әкелуі және жанама салықтарды төлегені туралы өтініші (қағаз жеткізгіште немесе эл.түрде);
    4. Байқоңыр қаласының аумағынан Қазақстан Республикасының өзге аумағына тауардың әкетілуін немесе Қазақстан Республикасының өзге аумағынан Байқоңыр қаласына тауарлардың әкетілеуін растайтын көліктік және өзге де құжаттар;
    5. тауарларды әкету кезінде, ҚР мен Ресей Федерациясының салық заңнамасында көзделсе, ҚҚС-тың нөлдік ставкасын қолданудың және акциздерді төлеуден босатудың негізділігін растайтын өзге де құжаттар;
    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкелу кезінде салық салынуға жатпайтын тауарларды қоспағанда, Байқоңыр қаласының аумағынан ҚР өзге аумағына тауарлар әкелуге еліміздің салық органдары өндіріп алатын және республика бюджетіне төленетін жанама салықтар ҚР Салық кодексінде белгіленген ставкалармен салынады.
    Сәйкесінше, салық төлеуші тауарларды әкелу мен жанама салықтардың төленгені туралы 328.00 СЕН өтінішін және импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі 320.00 СЕН декларациясын салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, өзінің тұрғылықты жері бойынша салық органына электрондық түрде табыс етуге міндетті.
    Республиканың өзге аумағынан Байқоңыр қаласының аумағына тауарлар әкелуге Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясының аумағына және оның юрисдикциясында болатын өзге аумаққа әкелу кезінде салық салуға жатпайтын (салық салудан босатылған) тауарларды қоспағанда, Байқоңыр қаласының салық органы өндіріп алатын Ресей Федерациясының Салық кодексінде белгіленген ставкалар бойынша жанама салықтар салынады.
    Гүлнар САПАРҒАЛИЕВА,
    Қызылорда облысы бойынша
    мемлекеттік кірістер департаментінің
    бас маманы.

17 қазан 2017 ж. 924 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области