Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ БАҒЫТЫНДА 3 ЖОБА БАР

СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ БАҒЫТЫНДА 3 ЖОБА БАР


    Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлыбек Жолдасбаев хабарлады.
     БАҚ өкілдеріне басқарманың 9 айдағы жұмысы туралы баяндаған басқарма басшысы аймақта суармалы жерлерді қалпына келтіру бағытында 3 жоба қолға алынғанын атап өтті.
     Жалпы көлемі 188 мың гектар болатын алқапты қалпына келтіруге арналған 3 жобаның жалпы құны 122 млрд.теңге болып отыр.
    Бұл алқаптың 15 мың гектары «Ирригация және дренаж жүйлерін жетілдіру» (ИДЖЖ-2) жобасының 2-кезеңі аясындағы жұмыстар шеңберінде қалпына келтірілмек.
    Ал 144 мың гектары «Ирригация және дренаж жүйлерін жетілдіру» (ИДЖЖ-3) жобасының 3-кезеңіне жатады. Тағы бір жоба бойынша жиырма тоғыз мың гектар суармалы жерлерді айналымға қосылмақ.
    – ПУИД-2 жобасы мен 29 мың гектар суармалы жерді айналымға қосу жобасына енген су шаруашылығы нысандарын паспорттауға биыл облыстық бюджеттен 594 млн. теңге қаржы бөлінді. Жалпы осы жобалар іске асырылған жағдайда, суармалы жерлердегі 11 мың 802 шақырым су жүйелері мен 11 мың 165 шақырым қашыртқы-дренаж жүйелері және олардың бойындағы 64 мың дана гидротехникалық құрылыстар жөнделетін болады, – деді басқарма басшысы.

03 қараша 2017 ж. 967 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области