Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ


    Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлыбек Жолдасбаев хабарлады.
     Басқарманың 9 айдағы жұмысын саралаған Нұрлыбек Қалжатайұлы облыс әкімінің өкімдеріне сәйкес, көктемгі және күзгі маусымдарда облыс аумағын санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру мақсатында, күзгі тазалық айлығы тұрақты жүргізіліп жатқанын айтып өтті. Ұйымдастырылып жатқан  сенбілікке әр апта сайын облыс бойынша барлығы 30 мыңнан астам, 388 арнайы техника жұмылдырылуда. Нәтижесінде арнайы полигондарға 52,8 мың текше метрден астам қоқыс пен қалдық шығарылып, 32 шақырымнан астам арық мен аяқ су жолдары тазаланды.
    Басқарма басшысы брифингте Оңтүстік Корея Республикасы Арал теңізінің табанына фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізуге қаржы бөлуді жоспарлап отырғанын да айтып өтті.
    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен қолға алынған  Орталық Азияда жердің тозуының алдын алатын шараларға Корея, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Иран елдерінің орман шаруашылығы саласындағы ғалымдары мен мамандары ат салысуда.
    Ағымдағы жылдың 30-31 мамырында облыс әкімдігі Халықаралық Аралды Құтқару Қорының Қазақстандағы Атқарушы дирекциясымен бірлесіп, Қызылордада бірінші Арал халықаралық тұрақты дамыту форумын ұйымдастырылды. Шараның қорытындысы бойынша қатысушылар форумның қорытынды құжатын қабылдап, Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылған күні 26 наурыз - «Арал теңізінің күні» болып жариялау жөніндегі ұсыныс енгізіліп, қолдау тапты.

03 қараша 2017 ж. 880 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области