АЙМАҚТА СУ ҚОЙМАЛАРЫ САЛЫНАДЫ
Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлыбек Жолдасбаев хабарлады.
Басқарма басшысының айтуынша бұл жұмыстар «Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде жүзеге аспақ.
Бағдарлама аясында 2017-2020 жылдар аралығында Шиелі ауданынан Күміскеткен су қоймасын салу жоспарланып отыр. Осы уақыт аралығында Жаңақорған ауданындағы Тайпақкөл және Қандыарал көлдер жүйесі мен Қараөзек арнасындағы Картонкомбинат, Қожатай, Байкелді гидротехникалық құрылғыларын қалпына келтіру жобалануда.
Сондай-ақ, Жаңақорған ауданындағы Бесарық, Жиделі су қоймаларын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.