Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «АҒА СЕНЬОРЛАР» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ҰСЫНУДА

«АҒА СЕНЬОРЛАР» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ҰСЫНУДА


    Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен облысқа «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының «Аға сеньорлар» құрылымы аясында германиялық маман Наталья Майер келіп, мамандарды оқытты.
    Қызылордаға Наталья «Сана-Сезім Орталығы» ЖШС директоры Раушан Базарбайдың ұсынысы негізінде келді.
    Кәсіпкер Раушан Базарбай басшылық жасайтын профессор Хачатрянның клиникасы биылдан бастап ауыр жағдайдағы науқастарға мейірбикелік күтім жасау қызметін жүзеге асырып келеді. Осы ретте, клиника басшысы мейірбикелерінің еуропалық тәжірибе негізінде біліктіліктерін көтеруді көздейді.
    Клиникада өткен «Мейірбикелік күтім» тақырыбындағы 7 күндік семинарға,  өзге де медициналық ұйымдардың мамандарымен қоса 90-ға жуық мейірбике қатысып,  біліктілігін көтерді, арнайы сертификаттарға ие болды.
    – Қызылордада өткен 7 күндік семинар өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сұраныс осыншалықты көп болады деп ойлаған жоқпын. Семинарға келген мамандардың теориялық білімі жеткілікті. Мен тек шара барысында бүгінгі таңда шет елде қолданылып жатқан озық тәжірибелермен бөлістім, - дейді Наталья Майер.
    Ал кәсіпкер Раушан Базарбай болашақта аймақта үйде мейірбикелік қызмет көрсету жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Сол үшін де біліктілігін көтерген мамандарды алдағы уақытта бірге жұмыс жасауға шақырды. Сондай-ақ, шет елден маман шақыртып, қолдау білдірген кәсіпкерлер палатасына алғысын жеткізді.
    Айта кету керек, «Аға сеньорлар» компоненті қатысушыларға басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндіріс технологиялары, құрал-жабдықтар мен персоналды оқыту мәселелері бойынша тікелей өндірісте кеңес беру үшін нәтижелі жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті шетел мамандарын тартуға бағытталған.
    Компонентке бағдарлама аясында экономиканың басым секторларында өз қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілері қатыса алады.
    Сұрақтар бойынша Кәсіпкерлер палатасына және облыстың барлық аудандарында орналасқан Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарына хабарласуға болады.
    Анықтама үшін телефон: 40-08-74, 40-02-02
    Сall-Center – 1432.



09 қараша 2017 ж. 827 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области