ЖАҢА БЕЛЕСТЕРГЕ УАҚЫТ КЕЛДІ
Уақыт – жылжымалы құбылыс. Сонымен қатар, оның шет-шегі жоқ. Біреу келеді, біреу кетеді. Бірақ уақыт тоқтамақ емес. Мезгіл шіркіннің жағасына жармасып, бәрі өтеді бір күні пәниден.
Өмірге келгендегі мақсатың не? Жоқ! Өмір сүрудегі мақсатың қандай? Мөлшерлі ғұмырда адам шіркіннің көзі де, көңілі де толықтап тоят таппай өтеді. Бұл кісіні жетістік шыңына жетелейтін бағыт десек, қателеспеспіз.
Оян! Басыңды көтер! Бірсарындылық тек құлдырауға алып келеді. Жаңа дүниелерді игеретін мезгіл жетті. Еңбек ет! Ерінбе!
Уағында Міржақып аталарымыз да «Оян, қазақ!» деп ұран салып өтті. Бірақ кей адамдардың құлағына бұл сөздің де әсері естілмей жатады. Өкінішті...
Жаңа күн – жаңа мүмкіндік. Өту үдерісі жүріп жатқан минуттар мен секундтар, сағаттар – мүмкіндікті пайдаланып үлгеретін кезекті мезгіл.
Уақытыңды бағала! Бекер қызық қума! Бәрінің шегі бар екенін мықтап есіңе сақта! Жаңа белестерді бағындыратын уақытың келді!