СОТТАЛҒАН АЗАМАТТАР ҮШІН БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Бүгін А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Қызылорда облысы ҚАЖД пробация қызметі, Қызылорда қаласының прокуратурасы пробация есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар үшін «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізді.
Жәрмеңкеге пробация есебінде тұрған 65 азамат қатысты. Оларға 22 мекеме 100-ден астам жұмыс орнын ұсынды.
Әсіресе, газэлектр дәнекерлеуші, жүргізуші, сантехник, аспазшы сынды мамандықтарға сұраныстар болды. Қатысқандардың 27-іне әр түрлі жұмыстар ұсынылып, жолдама берілді. Сотталғандар арасында мамандығы жоқ 13 азамат «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 -2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқуға тіркелді. Олар оқуларын бітіргесін мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылады.