АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттық - маркетингілік жүйесі арқылы күнделікті негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр.
Жүргізілген мониторингтің нәтижесінде бүгінгі күні ең арзан өнімдерді облыс аудандары мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.
Қызылорда қаласы бойынша «Дәмді» әлеуметтік дүкендерінде нан бағасы – 50 теңге, қант – 230 теңге, сары май -450 теңге, өсімдік майы - 310 теңге, шай, 250 грамм бағасы – 560 теңге, жұмыртқа – 25 теңге, қарақұмық жармасы -280 теңге, сиыр еті – 1280 теңге, тауық еті, кг -630-670 теңгеден сатылуда.
«Анвар» сауда үйінде қант бағасы, кг – 187 теңге, шай бағасы,кг – 1300-1900 теңге, өсімдік майы 279-350 теңге, макарон бағалары, кг – 130-160 теңге, жұмыртқа -24 теңге, қарақұмық жармасы – 169 теңге, күріш бағасы – 190 теңге, ас тұзы,кг бағасы 29 теңгеден сатылуда.
«Мирас» сауда үйінің ауласында орналасқан қоймада картоп кг –110-115 теңге, басты пияз кг – 70-75 теңге, сәбіз кг – 100-105 теңге, қырыққабат – 55-60 теңге, қызылша кг – 120 теңгеден сатылуда.
Арал ауданы бойынша Арал қаласының Абай даңғылы көшесіндегі «Жаңа базарда» картоп, кг бағасы – 105 теңгеден, басты пияз, кг -85 теңгеден, қырыққабат, кг – 60 теңгеден, сәбіз, кг –100 теңгеден, қант, кг бағасы – 210 теңгеден, қарақұмық жармасы, кг – 200 теңгеден, «Алтай» базарының жанындағы жеке кәсіпкер Т.Исмайлованың дүкенінде қант, кг бағасы – 200 теңгеден, қарақұмық жармасы, кг – 180-210 теңгеден, өсімдік майы -330 теңгеден, макарон өнімдері – 115-125 теңгеден сатылуда.
Қазалы ауданы бойынша «Фея перизат» сауда үйінде қант - 230 теңге, арпа жармасы,кг бағасы – 100 теңге, қарақұмық жармасы, кг – 250 теңге, өсімдік майы -340 теңге, жұмыртқа – 22-25 теңге, пияз - 80 теңге, картоп-120 теңге, сәбіз – 100 теңге, қырыққабат – 60 теңгеден сатылуда.
«Нұр-Дәулет» әлеуметтік дүкенінде күріш, кг – 120-140 теңге, өсімдік майы – 330 теңге, қант, кг – 240 теңге, «Пиала» шайы 250 гр – 550 теңге, макарон өнімдері, кг – 140 теңге, ұнтақ жармасы – 120 теңге, қарақұмық жармасы, кг – 200 теңге, құс еті, кг -650 теңге, жұмыртқа – 22 теңге, картоп, кг -110 теңге, басты пияз, кг – 100 теңге, сәбіз, кг – 120 теңге, қырыққабат, кг – 70 теңге, сары май, кг – 380-450 теңгеден сатылуда.
Қармақшы ауданы бойынша «Сұлтан» сауда орталығы, «Орда» көтерме сауда орталығы және «Жандос» дүкендерінде картоп, кг – 120-130 теңге, сәбіз,кг бағасы – 120-130 теңге, жуа, кг – 80-90 теңгеден, қырыққабат, кг –70 - 80 теңгеден, жұмыртқа – 21-23 теңге, ұн 1 сорт- 94-96 теңгеден, нан бағасы- 60 теңге, тауық еті, кг –600-640 теңге, өсімдік майы – 310-390 теңгеден сатылуда. «Таңсықбай», «Бибінұр» базарларында картоп, кг -130 теңгеден, жуа, кг– 90 теңгеден, сәбіз, кг –130 теңгеден, қырыққабат, кг – 80 теңгеден сатылуда.
Жалағаш ауданы бойынша «Бәйтерек», «Жібек» базарларында картоп, кг – 120 теңге, сәбіз, кг – 120 теңге, басты пияз, кг – 80 теңге, ет, кг бағасы -1400 теңгеден, жұмыртқа – 23 теңге, қырыққабат, кг бағасы -75 теңге, «Ақниет», дүкенінде І сұрыпты бидай ұнының, кг бағасы -86 теңгеден, нан – 45 теңге, жұмыртқа – 23 теңге, өсімдік майы, литр бағасы - 325 теңге, басты пияз, кг – 80 теңге, сәбіз, кг –120 теңге, картоп, кг – 120 теңге, тауық еті, кг – 600 теңге, қырыққабат, кг бағасы - 70 теңге. «Әзиза» әлеуметтік дүкенінде ұн 1 сортты, кг бағасы – 86 теңге, өсімдік майы – 320 теңгеден сатылуда.
Сырдария ауданы бойынша «Өркен» және «Серікбол» дүкендерінде нан бағасы – 50 теңге, өсімдік майы, литр – 330-340 теңге, қант кг - 210 теңге, картоп, кг бағасы –120 теңге, сәбіз, кг – 110 теңге, басты пияз, кг -70 теңге, қырыққабат, кг –65-70 тенге, тауық еті, кг 620-630 теңге, жұмыртқа -20-23 теңге, «Бақытжан», «Нұр» және «Нұрай» дүкендерінде жұмыртқа -24-25 теңге, өсімдік майы 350 теңге, қант кг 220 теңгеден сатылуда. «Коммуналдық» базарында нан бағасы -50 теңге, өсімдік майы, – 350 теңге, қант – 220 теңге, жұмыртқа -24 теңге, бірінші сортты бидай ұны кг-87 теңге.
Шиелі ауданы бойынша «Ә.Шорабаев» базарында картоп, кг бағасы – 100-130 теңге, басты пияз, кг –60-80 теңге, сәбіз, кг – 80-120 теңге, қырыққабат, кг – 50-80 теңге, өсімдік майы, литр -330-370 теңге, қант, кг бағасы – 192-220 теңге, жұмыртқа – 23-25 теңге, тауық еті, кг – 580-680 теңге, ет, кг -1400 теңге, тұз, кг - 40 теңгеден алуыңызға болады. Сонымен қатар, І сортты бидай ұнның, кг бағасы 84-100 теңгеден сатылып жатыр.
Жаңақорған ауданы бойынша «Нұр» базарында және «Мағжан», «Заңғар», «Сырдария», «Кәусар», «Нұрәділ» және «Нұрасыл» дүкендерінде ұн 1 сорт 86-96 теңге, нан бағасы -50-70 теңге , өсімдік майы,литр - 310-400 теңге, картоп, кг бағасы - 100-130 теңге, басты пияз, кг - 65-75 теңге, сәбіз, кг -100-120 теңге, қырыққабат, кг - 60-80 теңге, тауық еті – 580-670 теңге, жұмыртқа - 19-22 теңге, ет -1400 теңгеден сатылуда.