ТАУАРДЫ ҚАЙТАРУДЫҢ ДА ТАЛАБЫ БАР
Тұтынушылар арасында тауарды қайтаруға қатысты мәселе көп туындап жатады. Осыған орай, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаменті мамандары тиісті сападағы, яғни қалыпты, бірақ сізге, өлшемі, түсі немесе фасоны бойынша ұнамай қалған тауарды қайтару үшін сіз сатушыға 14 күн ішінде жүгінуіңіз қажеттігін хабарлайды.
Сатушының осы мерзім ішінде (14 күн) оны айырбастаудан бас тартуы дұрыс емес, Ал сіз сәйкессіздікті 15 күнде анықтаған болсаңыз, оны ауыстыру мүмкіндігінен айырыласыз. Сатушы сізді кері қайтарады және ол дұрыс жасайды.. Айтпақшы, сатушы тарапынан мерзімдер бойынша сұрақтар туындайтын болса, сіз тиісті сападағы тауарларды қайтару мерзімдері «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 14 бабымен реттелетіндігін алға тартыңыз.
Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті
және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті.