БАҒАНЫ НЕГІЗСІЗ ӨСІРГЕН ГАЗ ЖЕЛІСІ ҰЙЫМДАРЫНА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес аймақта сұйытылған газ бағасының өскендігін анықтау мақсатында 2017 жылдың қаңтар-сәуір айлары қорытындысымен талдау жүргізіп, оның нәтижесіне кейбір нарық субъектілері тарапынан Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы бұзушылық белгілері байқалған болатын.
Осыған байланысты департамент, іс-әрекеттерінде аталған заң бұзушылық белгілері байқалған «ТОО «Қызылорда-Газ», «Арал Газ», «Тұрангаз», «Автогаз Трэйд», «Азия Оңтүстік Пром», «INVADAM» ЖШС АФ» ЖШС, «Auto Gaz Statsion» және «TS Оңтүстік жанар май» жауапкершілігі шектеулі серіктестестіктеріне қатысты зерттеу жүргізіліп, оның нәтижесіне «TS Оңтүстік жанар май» серіктестігінен басқа нарық субъектілеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, істер сот қарауына жолданды.
Сот шешімдеріне сәйкес «ТОО «Қызылорда-Газ» ЖШС, «Арал Газ» ЖШС, «Тұрангаз» ЖШС, «Автогаз Трэйд» ЖШС, «Азия Оңтүстік Пром» ЖШС, «INVADAM» ЖШС АФ» ЖШС және «Auto Gaz Statsion» ЖШС бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер департамент пайдасына шешіліп, монополиялық кірістері тәркілене отырып, аталған нарық субъетілеріне 14,2 млн. теңге мөлшерінде айыппұлдар салынды.
Қазіргі таңда, сот шешімдері заңды күшіне енген жоқ.
Ғ.ЕРМАҒАНБЕТОВ,
ҚР Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестікті және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау комитеті
Қызылорда облысы бойынша департаментінің
бас маманы.