ЗАҢДЫЛЫҚТЫ БАҚЫЛАУ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ
Қызылорда облысы әкімдігі 2015-2016 жылдары, жердің пайдаланылуы мен қорғалуына қатысты екі «Бағдаржол», «Жол картасы», «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланудың ведомствоаралық әрекеттестігі» іс-шарасы және «2017 жылдың бірінші және екінші жартыжылдығында жерді пайдалану мен қорғауға ішінара тексерулердің тізімін» бекітті. Бұл туралы Өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысының орынбасары Қанатбек Серікбаев хабарлады.
Бекітілген Бағдаржолдар мен Жол картасында жер заңнамасының бұзылуын анықтау мен мәлімет ұсынуда әр мүдделі мемлекеттік органдардың міндеттері нақты айқындалған.
Осы бекітілген шараларға сәйкес 2017 жылдың 9 айында облыс көлемінде, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы ҚР жер заңдылықтарының сақталуына жүргізілген 372 мәрте бақылау шарасын жүргізді.
Тексеру аясында 83490 гектар жер учаскесі қамтылып, нәтижесінде көлемі 17755 гектар жер учаскесінде 289 субъекті тарапынан 330 заң бұзушылық дерегі анықталды.
Орын алған құқық бұзушылықтардың 156 дерек бойынша 19507,727 мың теңге көлемінде айыппұл, 88 дерек бойынша ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. Сондай–ақ, 86 дерек бойынша әкімшілік іс өндірісі қозғалмай заң бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.
Есепті кезеңде 119 тұлғаларға қатысты анықталған фактілерге сәйкес салынған 17392,002 мың теңге айыппұлдар өз еріктерімен мемлекет бюджетіне өндірілді (89,1%). Сонымен қатар, 9 субъектілердің жасаған заң бұзушылықтарынан жерге және қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 1181,616 мың теңге болып есептелініп, бүгінгі күні мемлекетке толығымен өндірілді.
Сонымен қатар, басқарма тарапынан бұрын берілген нұсқама талаптарының орындалуына жоспардан тыс бақылау тексеру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. 2017 жылдың 9 айында жүргізілген тексерулер нәтижесінде нұсқама талаптарын ішінара немесе толық орындамаған жеке және заңды тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, жергілікті сот органдарына тиісті шешім қабылдау үшін жолданды. Нәтижесінде, сот органдары тарапынан, нұсқама талаптарын орындамаған тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, айыппұл түріндегі шараны қолдану туралы қаулылары қабылданды. Атап айтқанда, 23 жеке және заңды тұлғаларға сотттың қаулыларымен, барлығы 2 189 615 теңгеайыппұл түріндегі әкімшілік жазалар қолданылды.
Сондай-ақ, ҚР Жер кодексінің 164-1-бабының талаптарына сәйкес, 142 тұлғалардың өз бетінше иеленіп алған жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарып алуды талап ету мақсатында сот органдарына талап-арыз беру үшін, жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар берілді.