Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БИЫЛ 45 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ АЙНАЛЫМЫНА ҚОСЫЛДЫ

БИЫЛ 45 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ АЙНАЛЫМЫНА ҚОСЫЛДЫ


    Бұл туралы Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының осы жылғы 9 айдағы жұмыс қорытындысында баяндалды.
    Жыл басынан бері жер учаскелерін рәсімдеуге барлығы 88 өтініш келіп түсіп, Қазақстан Республикасының жер заңнамаларына сәйкес тиісті шаралар атқарылды.
    Бекітілген жобалар негізінде облыс әкімдігінің 24 қаулысы қабылданып, жалпы көлемі 36235,41 мың гектарды құрайтын жер учаскелері мүдделі тұлғалардың пайдалануына берілді. Сондай-ақ, басқарма құзыреті шегінде жер учаскелерін жалға беру туралы барлығы 59 шарт жасалды.
    Басқарма бос жерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу шараларын да тұрақты жүргізіп келеді.
    2012-2016 жылдары мемлекеттің босалқы жерлерінен жалпы көлемі 373,2 мың гектарды құрайтын 1494 жер учаскелері сауда-саттық (аукцион, конкурс) жолымен және мемлекеттік бағдарламалар негізінде ауыл шаруашылығы айналымына қайта қосылды.
    Ал осы жылы  80 мың гектар жерді айналымға қосу жоспарланып, бүгінде 45,5 мың гектар болатын 218  жер учаскесі ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

26 қазан 2017 ж. 1 030 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области