ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының қызметкерлері жылу беру маусымы кезеңінде көмір қышқыл газымен уланудың алдын алу және болдырмау іс-шарасын өткізуде.
2016-2017 жылдардың жылу беру маусымы мерзімінде облыс бойынша 22 көмір қышқыл және табиғи газымен улану фактісі тіркелді, олардан барлығы 63 адам, оның ішінде 21 ересек, 42 жасөспірім зардап шекті. 2 адам газға улану фактісі бойынша қаза болған.
Қызылорда қаласының жеке меншік тұрғын үйлерінде тұратын оның ішінде мүмкіндігі шектеулі, көп балалы отбасыларға баса назар аударылды. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқаулық өткізумен қатар «Алау Газ-Аймақ» ЖШС Қызылорда филиалының қызметкерлері Ақсуат ауылдық округінің Махамбет ауылының тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі, көп балалы отбасылардың тұрғын үй пешінің мұржасы тазаланды. Олар өз тарапынан ризашылығын білдірді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау
және профилактикалық қызмет басқармасы