ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ӨТКІЗІЛДІ
Өңірлік коммуникация қызметінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшылары Т.Нұртаев пен Қ.Әбілдаев мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және оны бақылау салалары 9 айда атқарылған жұмыстар жайлы БАҚ өкілдеріне брифинг берді.
Осы жылдың 9 айында облыстағы мемлекеттік органдарда 52 тексеру жүргізіліп, 276 заң бұзушылық анықталды. Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақтауда тексеру қорытындыларымен бұзушылықтарды жою туралы мемлекеттік органдарға 13 ұсыныс пен ұсынымдар енгізілген.
Осы уақыт аралығында департамент тарапынан лауазымды тұлғаларға 14 әкімшілік іс қозғалса, 7 іс ҚР ӘҚБтК 99-бабы негізінде қозғалған
әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты болды.
Тоғыз айта Әдеп жөніндегі кеңестің 10 отырысы өткізіліп, 34 мәселе қаралды.