Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Блогерлердің табысы қандай?

Блогерлердің табысы қандай?

Kyzylorda-news.kz. Бүгінде әлеуметтік желіде адамды сырттай бақылап қана қоймай, қажетті ақпаратты дер кезінде алуға, бизнес жүргізуге де мүмкіндік бар, деп хабарлайды «Хабар 24».
Соның арқасында жеке брендингті дамытып, халық арасында есімі жатталып қалған адамдар қатары да аз емес. Көбі оларды вайнер немесе блогер деп атап жатады.
Инстаграм желісінде Катя Трамп есімімен танымал ару адамның жүзіне күлкі үйіретін қызықты вайн түсіреді. 300 мыңнан аса оқырманы бар вайнердің бұл іспен айналысып келе жатқанына екі жыл болған. Содан бері жеке парақшасына түрлі тақырыптағы ұтымды әзілдерін үзбей салып тұрады. Ал алғашқы жарнама ұсыныстары парақшасына 50 мың оқырман жазылғаннан соң түсе бастаған. Жалпы дарынды вайнер ресейлік телеарналардың бірінде өткен телешоуға қатысқаннан кейін таныла бастапты.
«Ойыма жаңа идея келгенде, оның қалай болуы керектігін көз алдыма елестетемін. Егер сценарий қажет болса, оны қағаз бетіне түсіріп аламын. Бірақ негізінен ешқандай сценарий жазбаймын. Бәрін ойымда сақтаймын. Кейін телефонды қолыма алып, оны видеоға түсіремін. Қазіргі таңда бұл менің айналысып жүрген жалғыз ісім. Басқаға уақытым жоқ. Себебі вайн түсіруге барлық күш пен уақытымды жұмсаймын», - дейді вайнер Катя Трамп.
Кейде танымал блогерлердің парақшасына сценарист, видеооператор мен монтажерлардан құралған арнайы команда атсалысады. Олардың бәрі де ең алдымен жарнама контентін жасаумен айналысады. Себебі жүздеген мың оқырманы бар блогерлер ірі компанияларды тартуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде олар жарнамасының нақты аудиторияға көрсетілуі үшін қомақты қаржы төлеуге дайын.
«50 мыңға дейінгі оқырманы бар, желідегі белсенділігі орташа саналатын блогерлер бір жарнамалық видео үшін 200-250 мың теңге ақша алады. Ал сториз бағасы 75 пен 150 мың теңге аралығында болса, фото жарнама құны 100 мың теңге төңірегінде. Айта кету керек, жарнама беруші дайын өнім үшін ғана төлейді. Яғни блогер сценарийді өзі жазып, өзі түсіреді», - дейді жарнама агенттігінің жетекшісі Алёна Ефимова.
Бүгінде Ресей нарығы Инстаграм мен Ютубтағы танымалдылықтың арқасында мол пайдаға кенелгісі келетіндерге толып отыр. Бұл – видеомаркетинг, интернетті дамыту және блогерлерді продюсерлеу агенттігінің жетекшісі Константин Мельниковтың пікірі. Оның айтуынша, қай тақырыптың сәтті болатыны мен қандай блогтың көп көрілетінін алдын ала болжап білу мүмкін емес. Сонымен қатар жаңа бастаған вайнерлер мен блогерлердің өзін дамытуға қанша қаржы құятыны да маңызды емес. «Себебі жеке қабілет мен дарын басты фактор болып қала бермек», - дейді маман.
«Өкінішке орай, нарық әлі күнге дейін толығымен түсінікті деуге келмейді. Өйткені мың қаралым үшін төленетін қаражатты бірыңғайлаудың өзі қиындық туғызады. Жалпы жарнама берушілер тұрғысынан алып қарағанда, бүгінде Инстаграм – ең қымбат желілердің бірі. Аталған әлеуметтік желіде жарнаманың 1000 қаралымына кететін шығын 2500 теңгеден 10000 теңгеге дейін жетеді. Оның осылай құбылмалы болуы нақты жағдайға байланысты. Ал ютубта 500 мың оқырманы бар арна айына 500 мыңнан бастап 1 миллион теңгеге дейін пайда табады. Себебі бір блогерде жарнама бағасы 250 мың теңге болса, енді бірінде 500 мың теңге тұруы мүмкін», - дейді интернетті дамыту агенттігінің жетекшісі Константин Мельников.
Әлеуметтік желідегі трендтер күн санап өзгеріп жатқанымен, әзірге Инстаграм желісін көпшілік оңай әрі жылдам байып кетуге болатын табыс көзі ретінде көреді. Осынысымен ол блогерлерді де қызықтырып отыр.
05 маусым 2019 ж. 405 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области