Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ыстық күнде қалай тамақтану керек?

Ыстық күнде қалай тамақтану керек?

Kyzylorda-news.kz. Жаздың аптап ыстығы да басталып келеді. Мұндай кезде күні бойы далада жұмыс істеу түгілі, демалу да қиындай түседі. Бастан күн өтіп ауырып қалмауға мән беру керек. Сондай-ақ ыстық күндері сергек жүрудің де өзіндік сырлары бар. Оның бірі - дұрыс тамақтану.
Ыстық уақытта жеген тамақ пен ішкен сусынға жіті мән беру маңызды. Ішкен асың күні бойы сергек жүру мен өзіңді жайсыз сезінуге себеп болуы мүмкін. Олай болса қандай тағамдарды жеуге, қандай сусындарды ішуге болмайды?
Дәрігер-диетологтар ыстық күндері көкөністер мен сүт тағамдарын көбірек тұтынып, ал ет және мал майларынан бас тартқан жөн дегенді айтады. Тамақты қатты тойып ішпеген дұрыс. Ыстық күндері таңертең әдетте асқа тәбет болмайды, сондықтан ағзаны қинап ішудің қажеті жоқ. Ал бірақ міндетті түрде бір стақан су ішіп алған дұрыс.
Шөлді көк шаймен, газы жоқ минералды сумен, сонымен қатар қайнаған су араластырылған шырынмен басу керек. Квас немесе лимон мен бал қосылған су да жақсы сергектік береді. Ыстық күндері сүт өнімдерінен жасалған – айран, йогурт, ашытқы сияқты сусындар өте пайдалы. Ал бірақ бұл кезеңдерде қатты диета ұстамаған абзал. Егер арықтағыңыз келсе, тек аз калориялы тағамдар тұтыныңыз.

1.Тәтті және ащы тағамдарды аз жеу керек
Колумбия университетінің мамандары ыстық уақытта қандай тағамдар жеу керек екенін арнайы зерттеген. Олар аптап ыстық болатын күндері тәттілерден бас тартуға шақырады. Қанты көп газды сусындар ішпеуге, майлы тоқаштар, ақ нан, қант, печенье мен тортты көп жемеуге кеңес береді. Сондай-ақ ащы тағамдарды да аз жеуді ескертеді.

2.Тұзсыз диетадан бас тарту
Тұзы жоқ немесе тұзы аз тағамдарды ғана жеп, диета ұстайтын жандар бар. Бірақ ыстық күндері тұзды тағамдар жеген пайдалы. Әрине, шамадан тыс емес. Күнделікті норма бойынша жарты шай қасық болу керек.

3.Жүрек айнып, бас айналмас үшін
Ми қайнатар ыстықта өзіңді әлсіз сезінетінің рас. Бас айналып, жүрек айнуы да мүмкін. Мұндай болмас үшін банан, қаражемісті шетен, қарақат жеп, морс және асжапырақ пен жалбыз қосылған тағамдарды тұтынған абзал. Салқын табиғи сусындар да пайдалы.

4.Асқазанға көп күш түсірмеу керек
Ақуызы мол, сондай-ақ майлы тағамдар жай қорытылады. Ол үшін ағза көбірек энергия жұмсайды. Ыстықта қан қоюланып, зат алмасу баяулайды. Негізінен диетолог мамандар жеміс-жидек, балық, көкөніс, күріш, сұлы, жүгері өнімдерін жеуге кеңес береді.
Түрлі пайдалы жапырақтар қосылған салат түрлері де ыстықта сергек жүруге көмектеседі. Бірақ оларды тоңызытқышта сақтамаған абзал. Азырақ жасап, тауысып жеген жөн. Егер тоңазытқышта сақтап қойған болсаңыз, құрамындағы пайдалы заттар күшін жояды.

5.Ұйқы сергек болсын десең
Ұйықтар алдында тамақ ішпеген жөн-ақ. Әсіресе еті бар астан бас тартқаныңыз абзал. Ұйқыңыз тыныш болады. Ал тыныш ұйқы - келер күні сергек жүрудің кепілі.

6.Кофе ішпеңіз
Кофе ішу күндегі дағдыңыз болғанмен, ыстық күндері көбірек ішпеуге тырысыңыз. Оның орнын айранмен алмастырып көріңіз. Ыстық шай да сергектік сыйлайды.

09 маусым 2019 ж. 838 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области