Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада медициналық сақтандыру қорына түскен жарна мөлшері 5 млрд. теңгеден асты

Қызылордада медициналық сақтандыру қорына түскен жарна мөлшері 5 млрд. теңгеден асты

Kyzylorda-news.kz. 2019 жылдың мамыр айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін қызылордалықтар 279,7 млн. теңге аударды, деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев.

«2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 мамырына дейінгі аралықта Қорға 5,03 млрд теңге түсті. Аударымдар жүйе іске қосылған алғашқы жарты жылда өзі үшін жарна төлеуге міндеттелген жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде еңбек ететін тұлғаларға, сондай-ақ жұмыс берушілерге тиесілі. Атап айтқанда, жинақталған қаражаттың 96,7 % немесе 4,9 млрд. теңгесін жұмыс берушілер, қалған 3,3 % немесе 167,5 млн. теңгені – жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санат аударған», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ.

06 маусым 2019 ж. 485 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области