Қызылорда облысы бойынша ақпан айында медициналық сақтандыру қорына 244,8 млн теңге жарна түсті
Ақпан айында медициналық сақтандыру қорына 244,8 млн. теңге жарна түсті, - деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев.
Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 28 ақпанына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 4,16 млрд. теңгені құрады.
Оның 4,0 млрд теңгесі (шамамен 96,2%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 159,2 млн. теңге (3,8% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.