Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2018 жылы Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна көлемі 133 млрд теңгені құрады

2018 жылы Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна көлемі 133 млрд теңгені құрады


Өткен жылдың желтоқсан айында Медициналық сақтандыру қорына республика бойынша 10,4 млрд. теңгеден астам жарна түсті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жүйе іске қосылғанан бері 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 133 млрд. теңгені құрады.
Оның 124,3 млрд. теңгесі (шамамен 93,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 млрд теңге (6,5% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Сол кезеңде Қызылорда облысы бойынша 3,8 млрд. теңге түсті.
Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.



08 қаңтар 2019 ж. 732 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области