Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МӘМС: АУДАРЫМДАР МЕН ЖАРНАЛАР

МӘМС: АУДАРЫМДАР МЕН ЖАРНАЛАР


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бұл мемлекеттік билік, жұмыс беруші және еңбекке қабілетті азаматтар арасындағы ынтымақтастық нәтижесіне құрылған жүйе. Мұндай өзара арақатынастың мақсаты азаматтардың өз денсаулығына деген ортақ жауапкершілігін қалыптастыру, көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жоғарылату және қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржы көзі аударымдар мен жарналар болып табылады. Жарналар медициналық қызметтерді тұтынушыларға МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқық беретін жарна төлеушілердің, яғни, жеке тұлғалардың (жалдамалы қызметкерлер,өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, жеке кәсіпкерлер), қорға төлейтін қаржысы. Аударымдар жұмыс берушілердің өз қаражаты есебінен медициналық қызметтерді тұтынушы қызметерлері үшін МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқық беретін төлемдері.
Қолданыстағы МӘМС жүйесі туралы заңға сәйкес жеке тұлғалар 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін, яғни МӘМС жүйесі қоланысқа енгізілгенге дейін жарналар аударудан босатылды, деп Қызылорда облысының әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалында хабарлады.
Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 30 қыркүйегі аралығында жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген жарнаның жалпы сомасы республика бойынша 105 млрд. теңгеден асты. Оның 96,4 млрд. теңгесі (91,8%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,6 млрд. теңге (8,2%) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісім-шарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Аймақтық тұрғыдан алғанда Қызылорда облысы МСҚ-қа түскен түсімдер мен жарналардың 2,8%-ын құрайды немесе 3 млрд. көлемінде, яғни өңіріміз бойынша 18 мыңнан астам төлемшілер (оның ішінде жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер және азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім-шартпен жұмыс атқарып жатқандар бар) бас-аяғы 200 мыңға тарта тұтынушылар үшін қаржы аударып отыр.
Жинақталған қаржы Ұлттық банкте ашылған есеп-шотта сақталынып, болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалынатын болады. Еліміздің бас банкіне Қор қаржысын сенімгерлік басқаруға беру туралы келісім-шарт бекітілген, Ұлттық Банк ҚР Үкіметі бекіткен инвестиция құралдарына бос қаржыны орналастыруға құқылы, бұл жағдайда барлық дивидендтар Қорға қайтарылып, МӘМС пакеті аясында көрсетілген медициналық қызметтерді өтеуге жұмсалатын болады.
19 қазан 2018 ж. 628 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области