Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРДЫҢ 86,4 ПАЙЫЗЫ МӘМС ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТПЕН ТАНЫС

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРДЫҢ 86,4 ПАЙЫЗЫ МӘМС ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТПЕН ТАНЫС


Қызылорда облыстық партия филиалы жанынан құрылған сайлауалды бағдарламаның «Денсаулық» бағытын жүзеге асырушы аймақтық комиссия өкілдері өңірдегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясындағы жұмыстардың орындалысын талқылады.
- «Нұр Отан» партиясы тиісті салалармен бірлесіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі дегеніміз не? Оның тұрғындарға және тұтастай денсаулық сақтау жүйесіне тигізетін пайдасы қандай? Негізгі қағидалары не?,- деген ашық сауладардың ара-жігін ажырату мен түсіндіру бойынша кең көлемді насихат жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, облыс тұрғындарының 86,4 пайызы МӘМС жүйесі туралы ақпаратпен таныс екендіктері анықталды. Дегенмен, МӘМС жүйесі белсенді емес халықтардың санатына байланысты өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, көрсетілетін медициналық қызметтердің енгізілуі екі жылға яғни, 2020 жылға шегеріліп отыр. Аударымдар мен жарналарды төлеу тәртібі мен мөлшерлерінде де біраз өзгерістер болды.Сондықтан жүйенің артықшылықтары, жарна төлеу тәртіптері, көрсетілетін медициналық көмек пакеттері туралы біздер тұрғындарға жан-жақты түсіндіру жұмыстарын әлі де еселей түсуіміз керек деді,- комиссия отырсында облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев.
Жиында "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов хабарлама жасап, қордық негізгі міндеттері мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.
Филиал директорының айтынша облыста тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және МӘМС аясында қызмет етуге үміткердің деректі базасы құрылған. Бүгінгі таңда аталған деректер базасында 85 медициналық ұйымдар тіркелген, оның 61,1 пайызы жеке, 38,8 пайзы мемлекеттік медициналық ұйымдар. Келер жылға да келісім шарттар жасалынған.
-Ағымдағы қаржылық жылға филиал 65 медициналық ұйымдармен келісім шарттар жасасты. Олардың 35-і жеке, 30-ы мемлекеттік медиициналық ұйымдар. Олардың саны 7 пайызға дейін көбейеді деп болжанып отыр,-деді Бақыт Исмаханбетов.
05 қазан 2018 ж. 809 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области